Израиль Газа қаласын толықтай басып алу жоспарын мақұлдады

14 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Majdi Fathi/NurPhoto via Getty Images

Израиль армиясы Газа қаласын толықтай оккупациялау жоспарын ресми бекітті, деп хабарлайды Arasha.kz.

13 тамызда Бас штаб бастығы Эяль Замир ішкі қауіпсіздік қызметі "Шин-Бет" өкілдерімен кездесіп, операцияның негізгі кезеңдерін талқылаған. Жиында Газаның оңтүстік-шығысындағы Зейтун ауданында жүргізілген соңғы әскери қимылдар да сөз болды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл жоспар Израильдің саяси басшылығы бекіткен нұсқауларға сай жүзеге аспақ. Алайда 7 тамыздағы Қауіпсіздік министрлер кабинеті отырысында Бас штаб пен бірқатар министрлер арасында құжатты қабылдау жөнінде пікірталас туындаған.

Дегенмен, Қауіпсіздік кабинеті ақырында Газа қаласын толық басып алу жоспарын қолдап, бекітті. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам аймақтағы жағдайды одан әрі шиеленістіруі ықтимал.

Тэгтер:

Израиль Газа Шин-Бет армия