Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

16 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

15 тамыз күні шамамен сағат 14:00-де «РФ шекарасы – Алматы – ҚХР шекарасы» тасжолының 925-шақырымында, Әйтекеби ауданында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігі қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

«Оқиға орнын тексеру кезінде жол жабыны асфальтобетон екені, көріну мүмкіндігі шектелмегені және учаскенің тегіс екені анықталды. Бұл жерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр; тиісті жол белгілері орнатылған және жұмыстарды жүргізуге берілген рұқсатқа сәйкес қозғалыс жылдамдығы 40 км/сағ дейін шектелген», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
 

Тэгтер:

көлік жол апаты оқиға