"Әкем мен анамды сағындым": Оразалы Досбосыновтың ұлы ел естімеген хабарын айтты (ВИДЕО)

16 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Белгілі айтыскер ақын, марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентер жазба қалдырды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің мәліметінше, айтыскер ақынның ұлы Нұрсұлтан рэп жанрында шығармашылыққа қадам басады. Сонымен қатар, әке-шешесін қатты сағынатынын айтып, оларды көзі тірісінде білген жандарға амандық тіледі.

"Мен – Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұлы, Нұрсұлтан Доспосынов. Қазір NRS деген атпен рэп саласында өзімді көрсетіп, тыңдармандарымды қуантуға тырысамын. Сонымен қатар, блог жүргізуді қатар алып жүріп, өз өмірімдегі сәттермен сіздермен бөлісіп отыруға ниеттімін. Қолдау білдіріп, бірге болайық", – деді Нұрсұлтан Досбосынов.

Тэгтер:

Оразалы Досбосынов Ажар Түзелбекқызы Нұрсұлтан Досбосынов