Хамзат Чимаев UFC-дің орта салмақтағы чемпион атанды

Бүгін, 12:49 / Қайсар Қалам
Сурет: © Chris Unger / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

Шешенстан тумасы, БАӘ атынан шыққан Хамзат Чимаев Оңтүстік Африка өкілі Дрикус дю Плессиді жеңіп, UFC орта салмақ дәрежесінің чемпионы белбеуін иеленді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олардың айқасы Чикагода өткен UFC 319 турнирінің басты оқиғасы болып, толық бес раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Чимаевқа берді – 50-44, 50-44, 50-44.

31 жастағы Чимаев аралас жекпе-жекте әлі жеңілмеген – оның еншісінде 15 жекпе-жек пен 15 жеңіс бар. UFC-де ол 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және бірден он күн ішінде екі рет жеңіске жетіп рекорд орнатқан еді. Чемпиондық айқасқа дейін дивизион рейтингінде үшінші орында тұрған.

Дрикус дю Плесси болса, 2024 жылдың қаңтарында Шон Стриклэндті жеңіп алған чемпиондық белбеуінен айырылды. Оның ММА көрсеткіші – 23 жеңіс, 3 жеңіліс.
 

Тэгтер:

UFC Хамзат Чимаев Дрикус дю Плесси