Бүгін алып астероид Жерге жақын қашықтықта ұшып өтеді

Бүгін, 13:18 / Қайсар Қалам
Сурет: Depositphotos.com

2025 PM атауы берілген, диаметрі шамамен 50 метр болатын астероид бүгін, 17 тамызда, Жерден Ай орбитасының бір диаметріне тең қашықтықта өтеді деп есептелуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

Планетаға әдеттен тыс жақын ұшып өтуіне байланысты ол әлеуетті қауіпті астероидтар қатарына енгізілді. Бұл санатқа Жерге Ай орбитасының 10 диаметрінен де жақын келетін денелер кіреді. Аталған астероид соңғы уақытта миллион шақырымнан жақын қашықтықта Жерге келген ең ірі нысандардың бірі саналады. Ұқсас қашықтықта үлкенірек дененің ұшып өтуі биыл тағы бір рет қыркүйек айының соңында күтіледі, деп мәлімдеді Солнечная астрономия зертханасы мен ИСЗФ деректерінде.

Астероид бар-жоғы осы жылдың 1 тамызында, яғни екі апта бұрын ғана анықталған. Ол кометаға тән қасиеттерді көрсетпейді және үлкен ықтималдықпен, ұшпа заттардан ада кәдімгі тас болып табылады. Дегенмен ол әлі де өте нашар зерттелген. Бұл нысан Аполлон тобына жатады, яғни орбитасы Жер орбитасын сырт жағынан қиып өтетін жермаңы астероидтарының бірі. Оның Күнді айналу мерзімі екі жылдан сәл асады.

Жерге ең жақын нүктесінен астероид 17 тамыз күні Астана уақытымен 14:03-те өтеді.

Әрине, ол Жердің гравитациялық өрісі үстемдік ететін аймақтан өтеді, алайда планетаға түсіп қалу ықтималдығы өте төмен. Бұл тек астероид басқа аспан денесімен күтпеген соқтығысу нәтижесінде жылдамдығын күрт жоғалтып, Жерге тартылуы не бағыты өзгеріп, Жерге қарай бұрылуы жағдайында ғана мүмкін болмақ.
 

Тэгтер:

жер әлем Астероид