Зеленский Вашингтонға барды

Бүгін, 09:24 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украина президенті АҚШ астанасында америка басшысы Дональд Трамппен кездеседі. Кездесуге сондай-ақ еуропалық лидерлер қатысады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз бәріміз соғысты тезірек әрі сенімді түрде аяқтауды қалаймыз. Және бейбітшілік ұзақ мерзімді болуы тиіс. Украинадан Қырым мен Шығыстың бір бөлігін тартып алған жылдардағыдай емес, өйткені Путин мұны жаңа шабуылға плацдарм ретінде ғана пайдаланды. Немесе 1994 жылы Украинаға берілген «қауіпсіздік кепілдіктері» секілді емес, ол жұмыс істемеді», — деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.

Украина басшысының пікірінше, бұл соғысты «өзі бастаған» Ресей аяқтауы керек.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен ресми кездесу өткізген еді.
 

Тэгтер:

АҚШ Трамп Зеленский