Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бүгін сотта Берденовтен жауап алу жоспарланған.
Айта кетейік, өткен отырыста судья шенеунікті сотқа шақыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Ернар Жиенбайдың қорғаушылары да Берденовтің қатысуын талап етіп, оған қоятын сұрақтары бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Берденов сотқа онлайн режимде куәлік береді. Бұл туралы оның адвокаты хабарлады.