Руслан Берденов сотта Жиенбайдың айтқанын жоққа шығарды

Бүгін, 11:23 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте қала әкімінің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сотта Руслан Берденов сөз сөйледі. Ол өзіне оқ атқан адамның жұбайы Луиза Алдановамен таныс емес екенін және онымен жеке қатынасы жоқтығын айтты. Берденов қастандықты Жиенбайдың өз кәсіби қызметімен байланыстырды.

Оның айтуынша, ол Жиенбайды өмірінде бар-жоғы үш рет қана көрген — әкімдіктегі жиындарда. Берденовтің сөзінше, Жиенбай оған Луиза Алданованың ағасы арқылы «кешірім» жайында сөйлеспек болған. Алайда Берденов мұны татуласу әрекеті емес, бопсалау деп бағалаған.

Сотта Ернар Жиенбай да, оның әкесі де жәбірленуші Берденовтен кешірім сұрады.
 

Тэгтер:

сот Ернар Жиенбай Берденов