Мәсімовтің коллекциялық заттары аукционда 10 млн теңгеге сатылды

Бүгін, 14:37 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚУВА) ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрәм Мәсімовке тиесілі мүліктің сатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

15 тамызда саудаға 43 лот шығарылды — сувенирлік монеталар, қылыштар және өзге де бұйымдар. Бастапқы бағасы шамамен 7 миллион теңге болғанымен, саудаға қатысушылардың жоғары қызығушылығы мен бәсекелестігі нәтижесінде жалпы сома 10 миллион теңгеден асты.

Түскен барлық қаражат білім және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға жұмсалады.

Сатылған заттар — Мәсімовтің үйінен алынған мүліктер. Мамыр айының соңында зергерлік бұйымдар жеке актив ретінде бағаланып, бөлек топтамамен сатуға шешім қабылданған еді.
 

Тэгтер:

аукцион мүлік Кәрім Мәсімов зергерлік бұйымдар