"Путин өзі бастаған соғысты өзі тоқтатсын": Зеленский шұғыл мәлімдеме жасады

18 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
РИА Новости/AP. Суретте: Владимир Путин мен Владимир Зеленский

Вашингтонға Трамппен кездесуге барған Украина президенті Владимир Зеленский маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленский өз сөзінде:

"Біз бұл соғысты тезірек аяқтағысы келеміз және оған сенімді болғымыз келеді. Бейбітшілік тұрақты әрі ұзақ мерзімді болуы керек. Бұрынғыдай Донбасстың бір бөлігін беруге мәжбүр болған жағдай қайталанбасын қалаймыз. Путин оны жаңа шабуылдар үшін пайдалануға тырысады.

2022 жылы украиндықтар Киевті, Одессаны, Харьковты бермеген сияқты, сол кезде Қырымды да бермеуіміз керек еді. Украина халқы өз жері мен тәуелсіздігі үшін күресіп жатыр. Қазіргі уақытта біздің сарбаздар Донецк пен Сумы облыстарында табысқа жетті. Ресей өзі бастаған соғысты өзі тоқтатуы керек", – деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

Тэгтер:

ресей украина Владимир Путин Владимир Зеленский