Шерзат ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды

Бүгін, 10:22 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алматы облыстық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты апелляция қаралды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Судья Досымбек Қалдарбек тараптарды тыңдап, бірінші инстанцияның үкімін күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады.

Апелляцияны сегіз сотталушының адвокаттары берген. Тоғызыншысы – жақында түрмеден шыққан Думан Ысқақ.

Еске сала кетейік, 5 маусымда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша тоғыз айыпталушы сотталып, 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.
 

Тэгтер:

сот Шерзат Полат апелляция