Назарбаев университетінде тағы бір студент суицид жасады

Бүгін, 12:09 / Қайсар Қалам
Сурет: NU

Назарбаев университетінде тағы бір суицид жағдайы орын алды. Бұл туралы Halyqstan телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Беделді оқу орны аумағында адам қаза тапқаны туралы сыбыстар 17 тамыз, жексенбі күні тараған, алайда елордалық Полиция департаменті оны енді ғана растаған.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 15 тамызда орын алған.

– Астана тұрғыны, 22 жастағы қыздың денесі табылуына байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жатақхананың 12-қабатынан құлап кеткен. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Дәл екі ай бұрын, 18 маусым күні Назарбаев университетінің дәл осындай жатақханасында тағы бір студент қыздың денесі табылған еді.

Ол кезде қыздың оқудағы қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген әңгімелер айтылды. Сол жолы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденов оқиғаға қатысты нақты ресми нұсқаны жарияламай, жалтарма пікір білдірген болатын.
 

Тэгтер:

суицид студент Назарбаев университеті