Тоқаев Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Бүгін, 13:29 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.
 

Тэгтер:

тоқаев ҰҚК Жаңа ғимарат