Көпбалалы ана Қаскелең әкімдігі алдында өзін және балаларын өртемек болды

Бүгін, 15:35 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Алматы облысының тұрғыны әкімдік маңында өзін-өзі өртемек болды. Әйел қолында бензині бар құты ұстап, оны өзіне және балаларына құйып, өртейміз деп қорқытқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алты баланың анасы осылайша биліктің назарын баспана мәселесіне аудармақ болған – ол пәтер сатып алған, алайда бұрынғы иелері сот арқылы оны шығарып жіберуге тырысуда.

Бейнежазбада әкімдік қызметкерлерінің әйелден бензинді тартып алуға әрең күш салғаны көрінеді.

– Біз енді қайда барамыз? – деп айқайлады ол.

Қазір оқиға орнында полицейлер жүр. Әйелді әкімдік ғимаратына кіргізіп, онымен әңгіме жүргізілуде.
 

Тэгтер:

өрт әкімдік ана Қаскелең