Берденовті атқан Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтты

19 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттің экс-әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембай соттан жеңіл жаза сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

– Бүкіл халықтан кешірім сұраймын. Елде қылмыс болмасын, олардың саны азайсын. Істеген ісіме өкінемін. Азаматтарға айтарым: мылтық ұстамаңыздар, аңшылыққа бармаңыздар. Қолмен істегеніме басыммен жауап беруге дайынмын. Руслан Арысбекұлы Құдайдың қолдауы мен дәрігерлердің көмегінің арқасында аман қалды. Оған тезірек сауығып кетуін тілеймін. Мені қатты жазаламауды өтінемін, – деді сотта Ернар Жиембай.

Үкім ертең-ақ шығуы мүмкін. Прокурор басшыға оқ атқан айыпталушыға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
 

Тэгтер:

сот әкім Берденов Жиенбай