"Мама" деп атағаныңа рақмет, балам": Тамара Асар өгей ұлына әсерлі жазба арнады

19 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Әнші Тамара Асар жолдасының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішерді туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз!!! Ажартайдың Ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын!!! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен "МАМА" деп атаған сеніміңе рақмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын!!! Әмин", – деп жазды Тамара Асар.

Әлеуметтік желі оқырмандары да бұл қуанышты бөлісіп, ізгі тілектерін арнады.

"Ұлдарыңыздың туған күні құтты болсын! Келін әкеліп, қолыңызды ұзартсын", "Қандай керемет тілек! Құдай тіл-көзден сақтасын", "Әлішердің жаңа жасы құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт тілейміз", "Екінші ұлыңыздың туған күні құтты болсын, енді құда-құдағи атануларыңызға жазсын!" – деген құттықтаулар мен ақжарма тілектер көптеп жазылды.

Тэгтер:

туған күн отбасы Тамара Асар