Күн бұлттанып, бұршақ жауады: 20 тамызға арналған ауа райы болжамы

19 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
pixabay.com

Синоптиктер 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында антициклонның ықпалы сақталып, күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік-батыс циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың әр аймағында жел күшейеді. Солтүстік, батыс және орталықта түнгі және таңғы уақыттарда – тұман. Оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.

Сонымен қатар, бірнеше аймақта өрт қаупінің жоғары және өте жоғары деңгейі болжанып отыр:

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы ауа райы болжамы 20 тамыз 20 тамыз