Сүт субсидиясына бөлінген 300 млн теңге ұрланып, қалғаны казиноға жұмсалған

Бүгін, 09:53 / Қайсар Қалам
Сурет: pixabay

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу мәліметінше, ЖШС басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, «Ауыл шаруашылығы басқармасынан» сүт өнімдеріне арналған субсидияларды заңсыз алып отырған. Залалдың жалпы сомасы 300 млн теңгеден асты.

Шығындарды растау үшін жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу туралы жалған құжаттар және май өндіру жөніндегі жалған мәліметтер тапсырылған.

Сонымен қатар тергеу барысында анықталғандай, заңсыз алынған қаражаттың 110 млн теңгесі күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған.

Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ қолданылды.
 

Тэгтер:

ақша ҚМА субсидия казино