Парламентте депутат суицид жасады

20 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pixabay

Қазіргі уақытта полиция өлім фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиға Финляндия парламенті ғимаратында болған. Бұл туралы Хельсинки полициясының мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Iltalehti газетінің дерегінше, бұл — депутаттың өз-өзіне қол жұмсау жағдайы. Парламенттің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Ааро Тойвонен Yle тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

Қазіргі уақытта полиция өлім фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыс белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

Оқиға орнында бірнеше полиция жасағы мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, қазір Финляндия парламенті жазғы демалыста. Күзгі сессия 2 қыркүйекте басталады.
 

Тэгтер:

суицид депутат парламент