Астанада жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны көлік қағып кетті

Бүгін, 14:58 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Астанада жол жөндеп жүрген екі жұмысшыны жеңіл көлік таптап өтті. Біреуі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, қатты жылдамдықпен келген жүргізуші жөндеу жүріп жатқан деген белгіні де ескермеген. Сарайшық көпірінен өтер тұста жол жөндеп жүрген екі адамды қағып өткен. Біреуі ауруханаға жеткізілген жарақаты ауыр. Екіншісі сол жерде жан тапсырды. 
Кісі өлімімен аяқталған жол апатына қатысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
 

Тэгтер:

Астана көлік жұмысшы