Ұлттық танымдағы хабарлардың берері мол

30 шілде, 2025 / Arasha.kz
фото: egemen.kz/

«Ұлы дала өркениеті" бағдарламасының да халыққа берері мол, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Ұлы дала өркениеті" бағдарламасының да халыққа берері мол. Қазақ мәдениеті мен дәстүрі туралы қызықты деректерді талғап ұсынатын бағдарламада қолөнер мен қазақтың шеберлері туралы, қолдан жасалған бағалы бұйымдар мен қолөнер туындылары туралы мәліметтер айтылады. 

Археологиялық қазбалар мен ескерткіштер жайлы сыр шертететін «Сан ғасыр сыр шерткен» бағдарламасының да өзіндік көрермені бар. Осы жоба арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі талай құпиясы көп қорымдар туралы мәліметтер көрерменге жол тартты. Сонымен бірге бұл хабарларда археологтардың еңбегі дәріптеліп, қазба жұмыстарын жүргізудің тәртібі, заңдылығы, табылған жәдігерлерді рәсімдеудің, сақтаудың тетіктері көрсетіледі.  

«Жеті қазына» бағдарламасы қазақтың ұлттық құндылықтарын интернет алаңда дәріптеген қысқа да нұсқа хабарларымен жақсы таныс. Мұндай роликтерді той бизнесін кәсіп еткен асабалар да тиімді пайдалануда. Әсіресе соңғы кездері қазақтың салтына, ырым-тыйымдарына қатысты сауалдарды асабалар той арасындағы ойындарда жиі қолданады. Бұл халықтың осы ойындар арқылы білімін жетілдіріп қоймай, ұлттық құндылықтарға қатысты ерекшеліктерді оқып, біліп жүруіне ықпал етері анық.