Талғар аудандық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісінен кейін аты шыққан Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды. Әлеуметтік желілерде оны «Хуторские» атты топпен байланыстырған мәліметтер таған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оған адам ұрлау, қорқытып ақша алу және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру баптары бойынша айып тағылуда. Айыпталушылар орындығында онымен бірге тағы бес адам отыр. Процесті судья Айнагүл Тұқубаева жүргізуде.
Еске салсақ, Қасымбаев 2024 жылдың күзінде ұсталған болатын.