Қазақстанда WhatsApp пен Telegram-ға тыйым салынатыны рас па: министрлік түсінік берді

Бүгін, 19:47 / Ахмет Қанатұлы
Rafael Henrique / SOPA Images / LightRocket / Getty Images

Цифрлық даму министрлігі Aitu мессенджерін енгізу аясында шетелдік мессенджерлерге тыйым салынатыны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрлік мәліметінше, БАҚ-та тараған WhatsApp, Telegram және басқа шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салу туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес. Жеке мақсатта шетелдік сервистерді пайдалану жалғасады.

Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін арналған. Бұл мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс барысында ақпаратты қауіпсіз алмасуға мүмкіндік береді.

Aitu қызметтік хат алмасу, жұмыс чаттары, жедел хабарламалар және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сай келіп, жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімді етеді.

Тэгтер:

WhatsApp Telegram