Аптап ыстық күтіледі: 21 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
pixabay.com

21 тамыз, бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы облысында – ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында – +38°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Солтүстік-батыс циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, ал батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады Қазгидромет.

Сонымен қатар, гидрометорталық мамандары бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары болатынын ескертті:

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 21 тамыз ауа райы болжамы 21 тамыз