Жәнібек Әлімханұлы әлемдік боксқа зиян келтірді деп айыпталып жатыр

Бүгін, 22:51 / Ахмет Қанатұлы
instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Америкалық журналист Франсиско Саласар қазіргі боксшылардың рингтен тыс, әлеуметтік желілерде жанжал ұйымдастыруын қатаң сынға алды, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның пікірінше, мұндай әрекеттер жанкүйерлердің қызығушылығын төмендетіп, жалпы бокстың беделіне нұқсан келтіреді.

"Әлеуметтік желідегі қақтығыстар алғашында Шакур Стивенсон мен Джервонта "Танк" Дэвис арасында басталды, кейін оған Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес қосылды. Қазір бұл жағдай Ксандер Зайас пен Вёрджил Ортиске жалғасып отыр. Боксшылар рингте емес, әлеуметтік желіде тайталасқанда, ол жанкүйерлерді жалықтырып, спорттың өзіне зиян тигізеді", – деді Саласар Х-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Тэгтер:

бокс Жәнібек Әлімханұлы