Шымкентте жоғары лауазымды полицей пара алды деген күдікпен ұсталды

Бүгін, 09:29 / Қайсар Қалам
Көрнекі сурет

20 тамыз күні Шымкентте Тұран ауданы полиция басқармасының бастығы мен оның қарамағындағы жедел бөлім қызметкері ұсталды. Оларды қылмыстық істі қайта саралау үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы заңгер Талғат Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша жүргізіп жатыр.

«Шымкент тарихында және тәжірибесінде аудандық полиция басқармасы бастығының тұтқындалуы алғаш рет болып отыр. Бұл – КНБ жанындағы жаңа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мүлде басқа деңгейге шыққанын білдіреді. Сондықтан нәтижелер де жоғары болады», – деді Талғат Есімов.

Құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме әзірге жоқ.

Айта кетсек, шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Антикорды таратқан болатын. Енді оның орнына ҰҚК-ге қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс істейді. Нәтижелердің жоғары бола ма, жоқ па – мұны уақыт көрсетеді.
 

Тэгтер:

шымкент полиция ҰҚК пара