Жолдауда айтылған «Жібек жолының» атауы туралы – Сарапшы пікірі

Бүгін, 10:44 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Бұл терминді неміс ғалымы, әйгілі географ Фердинанд фон Рихтгофен 1877 жылы енгізген. Ол Қытайдың бес томдық картасын жасап, соның бірінде Еуропа мен Қытайды жалғап жатқан сауда бағытын «Жібек жолы» деп атаған. Содан бері бұл атау әлемдік тарихта тұрақтап қалды.

Сарапшы Елдос Жұмағұловтың айтуынша, сол Ұлы Жібек жолы арқылы шығыстан батысқа керуендер ағылып, Қазақстандағы қалалар гүлденген еді. Сауда тоқтағанда, ол шаһарлардың көбі күйзеліске түскен. Бұл транзиттің кез келген елдің дамуына қалай әсер ететінін дәлелдейтін тарихи сабақ.

Бүгінде Қазақстан сол дәстүрді жаңғыртуға тырысуда. Еуразияның қақ ортасында орналасқан ел үшін көлік-логистика саласын дамыту нағыз мүмкіндік. Президент Тоқаев та былтырғы Жолдауда назар аударған.

Енді цифрларға қарасақ:

1.2025 жылдың алғашқы жартысында транзиттік тасымал көлемі 16,8 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 4% көп.

2.Биылдың өзінде 12,1 мың шақырым жол жөнделді, жыл соңына дейін тағы 7 мың шақырым жол пайдалануға беріледі. Соңғы 3 жылда ондаған жыл күттірген жолдар жаңарды.

3.Алты айда темір жолмен 150 млн тонна жүк тасылды. Оның ішінде 42,3 млн тоннасы экспортқа, ал 14,6 млн тоннасы транзитке тиесілі. Бір жылда транзит 8,3% артты.

4.Әуе тасымалы өсіп, жаңа контейнерлік хабтар ашылуда. Орта дәліз (Middle Corridor) жобасы да қарқынды дамып жатыр.

Неге бұл пайдалы?

Транзит тек жүк тасымалы ғана емес:

Біріншіден, жүргізушілер жол бойында жанармай құяды, қонақүй мен асхананы пайдаланады;

Екіншіден, әр жүк үшін төлем алынады, автобандардан да қосымша табыс түседі;

Үшіншіден, және ең бастысы жаңа жұмыс орындары ашылады.

Яғни, Қазақстанның көлік-логистика саласы елге ақша да, абырой да әкелетін үлкен мүмкіндік. Экономика күшейіп қана қоймай, еліміздің геосаяси рөлі де артып келеді.

Тэгтер:

Жібек Жолы