Олимпиада чемпионы Иман Хелиф гендер дауынан кейін мансабын аяқтады

Бүгін, 15:30 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алжирлік Олимпиада чемпионы, боксшы Иман Хелиф гендерге қатысты даудан кейін кәсіби спорттық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы спортшының бұрынғы менеджері Насера Йесфаха Nice-Matin басылымына берген сұхбатында айтты.

«Иман боксты тастады, ол қазір бәрінен бас тартты. Олимпиадада болған жағдайдан кейін ол қайтадан жаттығуды да бастамады және енді бокспен айналыспайды. Егер ол кәсіби спортқа оралса, дәл сондай сынақтан өтуіне тура келеді», – деді менеджер.

Хелиф 2023 жылы Үндістанда өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионатында гендерлік тесттен өте алмаған. Сол турнирде Тайвань өкілі Линь Юйтин де дәл осындай сынақтан өте алмады. Кейін Халықаралық Олимпиада комитеті екі спортшыға да 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді. Нәтижесінде Хелиф 66 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлде жеңіп алды.

Тэгтер:

бокс гендер Иман Хелиф