Отбасы банктің бас кеңсесі Астанаға көшеді

Бүгін, 17:22 / Қайсар Қалам
Сурет: hcsbk.kz

Ұйым штаб-пәтерін елордаға көшіруді ресми түрде растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Отбасы банкінің штаб-пәтері Алматыдан Астанаға көшіріледі. BES.media-ның ресми сұрауына берген баспасөз қызметінің жауабына сәйкес, орталық аппаратты көшіру кезең-кезеңімен жүргізіледі және банктің үздіксіз жұмысына әсер етпейтіні айтылған.

Банк шығындарды талдау және көшіруді ұйымдастыру үшін жұмыс тобын құруда.

Ұлттық институт мәртебесін алғаннан кейін банк тұрғын үй кезегінде тұрғандардың базасын жүргізу және тұрғын үй беру жөнінде шешім қабылдау функцияларын кеңейтті.

Штабты көшіру жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылдың ақпан айында құрылған болатын.

Қазіргі таңда орталық аппаратта 564 қызметкер жұмыс істейді. 2024 жылы банктің пайдасы 95 млрд теңгені құрады.
 

Тэгтер:

Астана Отбасы банк Бас кеңсе