Белгілі актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда ғана бесінші баласын босанып, әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терімді де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым. Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын", – деп жазды ол.
Жұлдыз Әбдікәрімова босану кезіндегі қиындықтарын да жасырмай айтты.
"Аллаға сансыз Шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды", – деп бөлісті Қайрат Нұртастың жары.
Желі қолданушылары актрисаның шынайы жазбасына қолдау білдіріп, аналық жолындағы ерік-жігеріне ризашылықтарын жеткізуде.