"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы жұмаға, 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оған сәйкес еліміздің кей өңірлерінде аптап ыстық күтілсе, бірқатар аймақта жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер болады
Күндізгі уақытта +35°С-қа дейін ыстық күтілетін аймақтар:
- Алматы облысы;
- Жетісу облысы.
Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін жалғастырады. Соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын, бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республиканың көп бөлігінде жел күшейеді, ал түнде және таңертең солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарда тұман түседі.
Жауын-шашынсыз ауа райы тек республиканың оңтүстік-шығысында антициклон ықпалынан болжанып отыр.
Сонымен қатар "Қазгидромет" өкілдері өрт қаупінің жоғары деңгейі туралы ескертті:
Жоғары өрт қаупі: Алматы облысы, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысы, Ұлытау облысының шығысы, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысы, Атырау облысының батысы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы мен орталығы, Абай облысының батысы мен оңтүстігі.
Төтенше өрт қаупі: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары, Батыс Қазақстан облысының батысы, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысы, Атырау облысының шығысы, Қостанай облысының оңтүстігі, сондай-ақ Қарағанды, Ақтөбе облыстары.