Трамп Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастырмайтын болды

Бүгін, 09:32 / Қайсар Қалам
Сурет: Andrew Harnik/Getty Images

The Guardian басылымының (АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып) хабарлауынша, енді Трамп Киев пен Мәскеу тікелей келіссөздерге дайындықты өздері жүргізуі тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, бұл соғысты аяқтауға жасалатын келесі қадам болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

АҚШ президенті Зеленский мен Путин кездескен соң ғана өзінің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді жоспарлап отыр.

Әзірге мұндай кездесу өтетін-өтпейтіні белгісіз.

Еске сала кетейік, 18 тамызда Ақ үйде Зеленскиймен және ЕО басшыларымен келіссөздер барысында Трамп екі лидердің кездесуін «дайындаудың басталғанын» айтқан болатын. Телефон арқылы сөйлескен кезде Путин кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынды. Алайда Владимир Зеленский бұл нұсқадан бас тартып, бірақ кездесу өткізуге дайын екенін растады:

«Біз кез келген форматқа, көшбасшылар деңгейіндегі кез келген кездесуге дайынбыз. Сондықтан мен бұл ниетімді растадым, әрі мені барлық еуропалық көшбасшылар қолдады, біз екіжақты кездесуге дайынбыз».
 

Тэгтер:

Путин украина Трамп Зеленский соғыс