NASA ғалымы Күн жүйесінен жерден тыс өмірдің белгілерін тапты

Бүгін, 10:10 / Қайсар Қалам
Сурет: pixabay

NASA ғалымы біздің Күн жүйемізде жерден тыс өмір болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, ол карликтік планетада орналасқан, деп жазды Mirror.

NASA зерттеушісі доктор Дэвид Гринспун Церерада – Күн жүйесіндегі белгілі ең кішкентай карликтік планетада – су, мүмкін, тіршілік бар екенін айтты.

– Жақында біз ол жаққа ғарыш аппаратын жібердік және бірнеше таңғаларлық жайттарды анықтадық, – деді Гринспун журналистерге.

Ғалымның айтуынша, Церерада жарық шағылыстыратын ақшыл дақ байқалған. Бұл тұзды шөгінділердің бар екеніне меңзейді. Оның сөзінше, бұл жерде бір кездері су болғанының айғағы.

– Ең қызығы – біз зерттеген кратер тұзды шөгінді болып шықты. Ал тұзды шөгінділер планетада су болғанын көрсетеді. Бұл бізге Церера бір кездері су әлемі болғанын және оның ішінде әлі күнге дейін сұйық су сақталуы мүмкін екенін болжауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды зерттеуші.

Гринспунның пікірінше, бұл дерек астробиологтар үшін аса маңызды, өйткені ол Церера сияқты карликтік планеталардың өткенде тіршілікке қолайлы ортаға ие болғанын білдіреді. Ғалым мұндай жағдайлар әлі де сақталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
 

Тэгтер:

жер планета NASA Күн жүйесі тіршілік белгісі