Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер Лавровтың мәлімдемесінен кейін «суыды»

Бүгін, 12:27 / Қайсар Қалам
Сурет: РИА Новости / Сергей Гунеев

Bloomberg агенттігің дереккөзінің пікірінше, Кремль Дональд Трампты Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін талап етуді тоқтатуға және Мәскеу мен Киев кездесуінің деңгейін төмендетуге (Ақ үй кездесудің президенттер деңгейінде өтуін талап етуде) көндіруге тырысуы мүмкін. Мұның бәрі АҚШ-тың жаңа санкцияларынан қашу үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Bloomberg-ке аты-жөнін атамауды сұраған бірнеше еуропалық жоғары лауазымды шенеунік пен дипломат Лавровтың мәлімдемелерін келіссөз процесін созуға бағытталған әрекет деп бағалады. Олар Путиннің мәміле жасауға дайын екеніне күмән келтірді.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Батыс елдерінің әскери контингентін Украина аумағына орналастыру Ресей үшін қолайсыз екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Путин мен Зеленскийдің кездесуін өткізу үшін бәрін «жақсылап пысықтау» және «Украина президентінің легитимділігі мәселесін шешу» қажет екенін айтты.
 

Тэгтер:

Путин Трамп Зеленский Сергей Лавров