22 жастағы жігіт анасын өлтірген деген күдікпен қамауға алынды

Бүгін, 14:18 / Марғұлан Ақан
Фото: коллаж arasha.kz

Бішкекте 22 жастағы жігіт анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Оқиға Манас даңғылы мен Бөкөнбаев көшесінің қиылысындағы тұрғын үйде болған. Көршілер подъездден өткір иіс шыққанын байқап, милиция шақырған. Пәтерді тексеру кезінде құқық қорғаушылар шамамен 10 пышақ жарақаты бар әйел адамның мәйітін тапқан.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер күдіктінің — марқұмның 22 жастағы ұлы — қылмыстың ізін жасыруға тырысқанын айтады. Сондай-ақ онда психикалық ауытқу болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр.

Первомай аудандық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті М.А. қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда.

Тэгтер:

қылмыс бішкек адам өлтіру өлім анасы баласы