Белгілі журналист Ғалым Қалмен әке атанып, қуанышты хабарын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист елден сүйінші сұрап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
"Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші, ағайын! Ұлды болдық!!! Көптің тілегі қабыл болып, Әсем келіндеріңіз аман-есен жеңілдеді. Жаратушы ием жар болғай! Ұл сұрағанға ұл, қыз сұрағанға қыз берсінші Раббым! Қазағым көбейсін!", – деп жазды Ғалым Қалмен.