"Сырттай бал ашып, өсектемеңіздер": Гүлзира Айдарбекова келіні жайлы шындықты ашты

Бүгін, 20:49 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Жұлдыз Әбдікәрімова мен Гүлзира Айдарбекова

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өзіне айтылған сынға жауап қатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Менің отбасыма байланысты сұрақ қойып, түрлі әңгіме жазып жатқандарға айтарым: біреудің жанұясын сөз еткенше, өз өмірлеріңізді көркейтіп сүргендеріңіз жөн. Ештеңе білмей тұрып сырттай бал ашып, өсек таратқанша, алдымен өз мәселелеріңізді реттеп алған дұрыс шығар. Мысық мінез танытатын жандарға айтарым осы. Солай ма, достар?" – деп жазды ол.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелген еді. Ал желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың келінін көпшілікпен бірге құттықтамағанын қызу талқылаған болатын.

Тэгтер:

Жұлдыз Әбдікәрімова Гүлзира Айдарбекова