Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 22:31 / Ахмет Қанатұлы
NUR.KZ/Владимир Третьяков

23 тамызға орай елдің бірқатар аймақтарына "Қазгидромет" РМК дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Абай облысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Семейде күндіз найзағай болжанған.

Батыс Қазақстан облысында күннің ысуы 35°С-қа дейін көтеріледі. Өңірдің батысында өрттің төтенше қаупі, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында найзағай, жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда. Қарағандыда да найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде түнде найзағай, шаңды дауыл, қатты жел болады. Өңірде өрттің төтенше қаупі бар. Қызылордада түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл болжанған.

Түркістан облысында ауа температурасы +35...+40°С-қа дейін ыстық болады. Таулы аймақтарда найзағай, шаңды дауыл, жел күшеюі мүмкін.

Ұлытау облысында түнде найзағай күтіледі, шығысында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің бірқатар аудандарында өрт қаупі жоғары. Өскеменде күндіз найзағай болжанған.

Маңғыстау облысында орталықта шаңды дауыл, оңтүстікте 38°С ыстық күтіледі. Өңірдің көп бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында күндіз 35°С ыстық болады. Өңірдің оңтүстігінде өрттің төтенше қаупі сақталса, шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында таулы аудандарда түнде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-қа жетуі ықтимал. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі бар. Таразда күндіз найзағай болжанған.

Атырау облысында шаңды дауыл және 35°С ыстық күтіледі. Өңірдің батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында найзағай, түнде тұман күтіледі. Көкшетауда да найзағай болжанған.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде, күндіз найзағай, кей жерлерде тұман болады. Петропавлда да осындай ауа райы күтілуде.

Жетісу облысында найзағай, Алакөл маңында желдің екпіні 30 м/с-тан асады.

Павлодар облысында қатты жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл болуы мүмкін. Павлодар қаласында найзағай, күндіз бұршақ болжанған.

Қостанай облысында түнде тұман күтіледі, оңтүстікте өрттің төтенше қаупі сақталуда.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы ауа райы 23 тамыз ауа райы болжамы 23 тамыз 23 тамыз