РФ аумағында коронавирусының жаңа «Стратус» нұсқасын жұқтыру оқиғалары көбейіп барады, қазіргі таңда олардың саны 384-ке жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл геноваринт клиникалық белгілері жағынан өзгелерінен ерекшеленбейді, деп мәлімдеді ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Роспотребнадзор басшысы Анна Попова.
«Стратус» жұқтырғандар күн сайын артып келеді, олардың саны 300 болды, қазір 384-ке жетті, әрі қарай да көбейе береді. Ауру жеңіл өтеді және “Стратус” клиникалық көрініс тұрғысынан ерекше ештеңе әкелген жоқ. Бірақ ол анағұрлым контагиозды, яғни жұқпалырақ. Бұл қалыпты жағдай – әрбір жаңа геноваринт аман қалу үшін белгілі бір қасиетке ие болады. Бүгінде басты ерекшелігі – жұқпалылығының жоғары болуы», – деді ол.
Сонымен қатар Попова коронавирус инфекциясының салдары әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан алдын алу шараларын сақтап, денсаулыққа мұқият қарау қажет.