Әскерге SMS арқылы шақыру қарастырылуда

24 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

«Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізуге қатысты тиісті құжаттың жобасы жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осы жобаның мақсаты азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізуде бірыңғай тәсіл енгізуге арналған. 

— Жоба әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, әскерге шақыруды кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы іске асыруға, әскери қызметке жататын азаматтардың телефон нөмірлеріне SMS-хабарламаны хабарландырудың тиісті түрі деп танытуға бағытталған, — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта. 

Құжат жобасы биылғы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
 

Тэгтер:

әскер SMS хабарлама