Шымкент әкімдігінің тұрғын үй басқармасының бастығы ұсталды

24 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Шымкент әкімдігінің тұрғын үй басқармасының бастығы Нұрбол Жүнісбеков ұсталды. Бұл туралы Kozachkov оffside телеграм арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол қала әкімдігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Түркістаннан ауысып келеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында.

Тергеуді ҰҚК жүргізуде.
 

Тэгтер:

шымкент ҰҚК әкімдік Нұрбол Жүнісбеков