2024 жылдың қазан айында үйі өртенген Шерзат Полаттың отбасы демеушінің көмегімен жаңа үйге қол жеткізбек, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Жаңа үй салу үшін Асқар есімді демеуші қажетті қаржыны бөледі. Ол мұны әкімдік арқылы жасауды көздеп отыр, әкімдік процесті бақылап, істі соңына дейін жеткізуге уәде берді. Барлық құрылыс материалдары мен жұмысшылардың еңбекақысы осы демеушінің есебінен болады, бірақ өзі жария болғысы келмейді. Әрине, әлі жөндеу, тұрмыстық заттар, жиһаз мәселесі бар... Егер демеушінің қаражаты бітсе және кейін біреу отбасына көмектескісі келсе, біз тек қуанамыз», – деді отбасының адвокаты Мейіржан Шекеев.
Үйді толықтай 15 қазанға дейін салып бітіруге уәде етілді.