Сүйінші, ағайын! Қаржаубайдың отбасы туралы қуанышты жаңалық мәлім болды

25 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Orda.kz коллажы. Суретте: Мейірман Шекеев пен Қаржаубай Нұрымов

Қаржаубай Нұрымовтың өртенген үйінің орнына жаңа баспана бой көтеріп жатыр, деп Arasha.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында Нұрымовтар жанұясы үшін жаңа үйдің құрылысы басталғаны белгілі болды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлім етті.

"Көптің көкейіндегі жүрген сұрақтың бірі: Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр? Біздің бар назарымыз Шерзаттың ісінде болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір, міне, келіп отырмыз. Аллаға шүкір, үйді бастаған, көзіміз жетіп жатыр", – деді ол.

Адвокаттың айтуынша, Алматы облысы әкімдігі құрылыс барысын қадағалап, қажетті құжаттарды толық рәсімдеп, жұмыстың соңына дейін сапалы аяқталуын қамтамасыз етуге уәде берген.

Қазіргі уақытта үйдің шатыры жабылу үстінде. Толық жөндеу және әрлеу жұмыстары 15 қазанға дейін бітіп, Нұрымовтар отбасы жаңа шаңыраққа қоныстанбақ.

Тэгтер:

Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымов