"Қазгидромет" РМК синоптиктері сейсенбі, 2025 жылғы 26 тамызда, Қазақстан аумағында ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аптап ыстық күтілетін аймақтар:
- Ақтөбе мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ұлытау, Жетісу облыстарында күндіз +35…+37°С;
- Маңғыстау облысында +38°С дейін ысиды.
Ауа райы ерекшеліктері:
- Батыстан келген антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық әрі құрғақ болады.
- Тек батыс өңірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал.
- Батыс, шығыс және оңтүстікте жел күшейеді, кей аймақтарда шаңды дауыл соғады.
- Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Өрт қаупі:
Жоғары деңгей: Алматы облысы, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысы, Батыс Қазақстанның оңтүстігі, Ұлытау мен Қарағанды облыстарының шығысы, Маңғыстаудың оңтүстік-батысы, Атыраудың орталығы мен оңтүстігі, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстанның бірқатар аудандары, Қостанайдың батысы және Абай облысының басым бөлігі.
Аса жоғары деңгей: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Батыс Қазақстанның батысы, Алматы облысының батысы мен солтүстігі, Атыраудың шығысы мен батысы, Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының оңтүстігі.