Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің кенже қыздарының тұсаукесер тойына қонақ болған әнші Мадина Сәдуақасова мерекелік кеш жайлы әсерлі жазбасын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі салтанатты кештің жоғары деңгейде өткенін айтып, алған әсерін жеткізді.
"Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. @theritzcarltonalmaty мейрамханасына кіріп қалғаннан гүлдердің аңқыған хош иісі, өте көп гүл… Холлда да залдың ішінде де әдемі гүлдер… Қос Ханшайымның тойын по королевски , ертегідегідей, әдемі сценариймен , арнайы киімдер #dresscode , осы тойға арнайы жазылған музыка, әндер, қойылымдар… Ммм… өте өте әдемі, көңілді той", – деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Әнші шара барысында өткен байқауда iPhone 16 Pro Max ұтып алғанын да атап өтті.
Сонымен қатар, тойда тек Тұрсын мен Баян тілектерін айтып, бір-біріне деген сезімдерін білдіргенін, ал келесі жылы олардың некелескеніне 10 жыл толатынын жазды.
"Енді бәріміз, бұйырса, Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойының 10 жылдығын бірге тойлаймыз. Қос кенже қыздарының алғашқы қадамы құтты болсын! Бақыттарыңыз баянды болсын! Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын", – деді Мадина Сәдуақасова.
Желі қолданушылары да әншінің бұл жүрекжарды тілегін қолдап, өздерінің жылы пікірлерін қалдырды.