Мемлекеттік қызметкерлер отандық мессенджерді пайдалануға міндеттелуі мүмкін

27 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бұл шаралар құжаттарды жіберу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет, деп мәлімдеді цифрландыру министрі Жаслан Мәдиев.

Ақордада журналистердің сұрақтарына жауап берген министр билік танымал әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салуды жоспарлап отырмағанын айтты. Алайда оның сөзінше, кейбір платформаларды мемлекеттік қызметшілер "шектен тыс қолданады".

– Бүгін мемлекеттік қызметшілер шамадан тыс пайдаланатын бірқатар платформа, мессенджер бар. Біз барлық мессенджерді жабу керек деп отырған жоқпыз. Біз айтып отырғанымыз – мемлекеттік қызмет аясында қолданылатын қызметтік ақпарат, құжат алмасу, ресми мәселелерді талқылау сияқты жағдайларда мемлекеттік қызметкер ұлттық мессенджерді пайдалануы тиіс, – деді Жаслан Мәдиев.
 

Тэгтер:

цифрландыру мемлекеттік қызметші отандық мессенжер Жаслан Мәдиев