Руслан Берденовті жұмыстан босату туралы бұйрық жоқ – әкімдік

27 тамыз, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов ресми түрде әкімдік құрамында қалады, алайда қазір ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздық парағында. Оның уақытша еңбекке қабілетсіздігі 2025 жылдың қарашасына дейін созылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Қуранбек айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Берденовті жұмыстан босату туралы бұйрық жоқ. Қазір ол ем қабылдап жатыр, ал әкімдіктегі қызметі жөніндегі кейінгі шешімнің өзі қабылдайды.

Еске сала кетейік, сәуір айында әкімдік ғимараты алдында Берденовке қастандық жасалып, ол ауыр оқ жарақатын алып, жедел отадан өткен. 20 тамызда қылмыскер Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 25 тамызда желіде Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткені жөнінде қауесеттер тараған еді.
 

Тэгтер:

шымкент әкімдік қызмет Руслан Берденов