24-05-18 | 18:01
«Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Жетісудан 58 нысан тіркелген.
«Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Жетісудан 58 нысан тіркелген

24-мамырда  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы обылысы әкімі Амандық Баталов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойыншада өңірдегі істеліп жатқан істерге тоқталды. Әкімнің айтуынша, облыста «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша 58 объект іріктеліп, оның 17-і республикалық және 41-і облыстық тізбеге енгізілген. Орталық Жаңа заман талабына сай цифрлы технологияның мүмкіндіктері пайдаланыла отырып, «Ескерткіштердің электронды картасы» жасалып, оған облыс аумағындағы 2343 ескерткіш кіргізіліпті.. Карта арқылы тарихи, мәдени, табиғи ес­­­кер­ткіштердің, киелі нысандар­дың толық мәліметін алуға мүмкіндік жасалған.

  Заманауи ақпараттық технологияны енгізу кез келген саяхатқа шығуды жеңілдетуге жағдай жасап отыр. Өңірдің туристік бағыттарына орнатылған навигациялы 255 QR сілтемелері және «Жетісу 360» жобасы аясында облыс музейлеріне 3D-тур жасау осыған жарқын мысал бола алады. Кез келген гаджеттен zhetysu360.kz сілтемесі арқылы өтіп, үйде отырып-ақ қызықты виртуалды саяхатқа шығуға болады.   

– Жаңа технологияны жетік меңгерген жастар осы іске белсене араласып, өз жобаларын жүзеге асыруда. Мәселен, облысымыздағы Сүлеймен Демирел университетінің студенттерімен бірлесіп «Жетісудың қасиетті жерлері» атты үш тілде iOs және Android мобильді қосымшалары іске қосылды, – Амандық Баталов.

Оған қоса өңірде «Жетісудың географиялық қауымдастығы» құрылып, Жетісу скретч-картасы жасалған. Осы арқылы әр азамат өзінің жеке картасын түзіп, Жетісу жеріне саяхат жасай алады.

Міне, табиғаты көркем, туристік мүмкіндігі зор саналатын Алматы облысында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жоғарыдағыдай жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.