"Қош бол, әке": Заттыбек Көпбосынұлының шаңырағы қара жамылды (ФОТО)

27 тамыз, 2025 / Arasha.kz
ашық дереккөзден. Суретте: Заттыбек Көпбосынұлы

Әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды өнер иесі Instagram парақшасында жариялады.

"Қош бол, әке! Анашыма сәлем айта барыңыз. Бізде бәрі жақсы де. Ең үлкеніміз 63-тен асты де! Ең кішкентай шөберең енді бірден асты де. Шүкір де! Біз өсірген ұл-қыздар бәрі бүгін өсті де.. Ақымыз болса, кешіңіз, әкешім!" – деп жазды өнер иесі.

Заттыбек Көпбосынұлының оқырмандары мен өнердегі әріптестері қайғысына ортақтасып, көңіл айтуда.

Тэгтер:

әнші әке қайғылы жағдай Заттыбек Көпбосынұлы