"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 28 тамызда Қазақстанның көп өңірінде ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнгі температура +16…+18°C, күндіз +33…+35°C. Алматыда да осындай ауа райы күтілуде: түнде +16…+18°C, күндіз +32…+34°C.
Ең жоғары күндізгі температура Кызылорда мен Түркістанда болжанып отыр –+36…+38°C. Шымкент пен Ақтауда күндізгі температура +34…+37°C, ал басқа ірі қалаларда +23°C-тен +35°C-қа дейін болады.
Жауын-шашын мен дауыл тек Атырау облысында болуы мүмкін. Қалған өңірлерде жаңбыр күтілмейді, жел орташа, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдыққа жетуі мүмкін.
Халыққа ыстық ауа райын ескере отырып, әсіресе күндізгі уақытта күн астында ұзақ жүрмеуге кеңес береміз.